Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің өліміне кінәлілерді мақтаған мұғалімнің ісі сотқа жетті

Опубликовано:

Ұлтаралық араздықты өршітті деп айыпталған бұрынғы мұғалім Шерхан Байзеновке қатысты материалдар сотқа келіп түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шерхан Байзенов. Фото: Facebook
Шерхан Байзенов. Фото: Facebook: UGC

Орал қалалық сотында өтетін алдын-ала тыңдалымның күні белгілі болды.

Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, Байзенов қорғаушы жалдап, өзін ақтап алуға тырыспақшы.

Тергеу барысы аяқталғанша Шерхан Байзеновті мектептегі жұмысынан уақытша шеттеткен болатын.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысындағы Белес ауылында тұратын ұстаз әлеуметтік желіде жазба қалдырып, танымал сапортшы Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді жақтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756997-denis-tenni-limine-kinlilerdi-maktagan-mgalimni-isi-sotka-zetti/