Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балық аулауға шыққан мектеп директорының денесі табылды

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық ауылының мектеп директоры Бақтыгерей Тәжмағанбетовтың денесі табылды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

31 жастағы мектеп директорын құтқару жасағы су астынан алып шыққан. Алайда оның жанында болған екінші адам табылмай жатыр.

"Менің баламды алып шықты. Денесі табылды. Екінші адам іздестіріліп жатыр. Көл жағасында екі жақтың да туыстары жүр", - деп хабарлайды марқұмның туыстары.

Суға батып кеткен мектеп директоры сенбі күні түс ауа алты адам болып балық аулауға шыққан. Марқұмның туыстары демалысқа шыққандар қатарында ауыл прокурорының да болғанын айтады.

Араға көп уақыт салмай, мектеп директорымен бірге балық аулауға шыққан екінші адамның да денесі табылды. 30 жастағы Нұржан Маханов ауылға қыдырып келген қонақ екен.

"Қазіргі уақытта екі адамның да денесі судан шығарылды. Денені тану жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауылда байланыс нашар болғандықтан хабар күтіп отырмыз", - дейді судан құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Оскана Кичигина.

Айта кетейік, 31 жастағы білім ордасының директорының жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Артынша Бақтыгерей Тәжмағамбетовтың киімдері су бетінен табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757038-balyk-aulauga-sykkan-mektep-direktoryny-denesi-tabyldy/

pixel