Астанада мас полицей көлігімен жолаушыны қағып, өзі қашып кеткен

Опубликовано:

Астанада полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: РИА Новости
Көрнекі фото: РИА Новости: UGC

Оқиға 7 қазан күні орын алған. Жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісі бір бағытта жол жүріп бара жатқан. Полиция қызметкері жол-көлік оқиғасы болған жерден дереу ізін суытады.

Ал жәбірленуші ауыр жарақаттармен дәрігерлер қолына жеткізілген.

Айта кету керек, жолаушыны қаққан жүргізуші алкогольдік ішімдікке мас болған.

Сәдубаевтың мәліметінше, кінәлі полицей сол күні-ақ қолға түскен. Ол қылмысын жасырмақ болғану үшін және істің тексерілу барысына кедергі келтірмес үшін екі ай мерзімге қамауға алынған.

Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабымен сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғасына кінәлі полицейдің жұмысына тексеру жүргізіліп, нәтижесі шыққан соң басшылығы да жауапкершілікке тартылатын болады дейді Сәдубаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757085-astanada-mas-policej-kligimen-zolausyny-kagyp-zi-kasyp-ketken/