Астаналық жігіт сүйіктісіне әуежайде ерекше ұсыныс жасады (видео)
Опубликовано:
Астаналық азамат Әлинұр Мирасов өзінің сүйгеніне Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда ерекше ұсыныс жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында елорданың баспасөз қызметі мәлім еткен.

Назарбаев университетінің 4 курс студенті Самал Омарова Түркиядан ұшып келген. Бойжеткенді кезекші тоқтатып, жүк салғышында күдікті заттың барын айтқан. Сөйтіп, аруды басқа бөлмеге алып кетеді.

Жеке бөлмеде бойжеткенге жәшікті ашуды бұйырған. Самал қорап ішінен сүйіктісімен бірге түскен суреттерді көреді. Осы сәтте бөлмеге Әлинұр кіріп келіп, ғашығына сезімін білдірген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758251-astanalyk-zigit-sjiktisine-uezajde-erekse-synys-zasady-video/