Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ІІД полиция департаменті болып өзгертілді

Опубликовано:

Қазақстанда бұдан былай Ішкі істер департаменті жоқ. Олар енді полиция департаменті деп аталады деп хабарлайды ел үкіметінің қаулысына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Елімізде ІІД полиция департаменті болып өзгертілді
Көрнекі фото: Алматы ПД: UGC

Өзгерістерге сәйкес, ҚР ІІД Астана қаласының ішкі істер департаменті ҚР ІІД Астана қаласының полиция департаменті деген атауға ие болды.

Сол секілді басқа да облыстар мен қалалардағы аталмыш департамент атаулары өзгертілген.

Көліктегі ІІД де атауын көліктегі полиция департаменті етіп ауыстырды.

Айта кетерлігі, бұл өзгертулер Қазақстан полициясын реформалаудың бір қадамы реінде енгізіліп жатыр.

Бұған дейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында отандық құқық қорғау органдарында түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттігін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758745-elimizde-iid-policia-departamenti-bolyp-zgertildi/