Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбиін көліктің терезесінен шығарып, жүйіткіген әке жұртты шошытты

Опубликовано:

Баласын көліктің терезесінен шығарып, темір тұлпарымен жүйіткіген әке желі қолданушыларының ашуына тиді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видеодан кішкентай қыз баланы терезеден сыртқа шығарып, бір қолмен ұстаған әке, екінші қолымен рөлді басқарып отырғанын көруге болады.

Мұны көрген желі қолданушылары шошып қалғанын жасырмады.

"Ана баланың жүрегін жарған шығар", "Масқара ғой, мынау", "Баланы қорлап, не істеп жүр", "Қолынан түсіп кетсе, өлтірді ғой", "Видеоны анасы түсіріп тұрмаған шығар?!".

"Жұрт бір нәрестеге зар болып жүр. Бұлар ойыншыққа айналдырды", "Бала түгілі мен шошып кеттім", "Обал-ай", "Баласын тартып алу керек" деп пікір білдірген оқырмандар.

Айта кетейік, видеоның қай елде, қай өңірде түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758798-sbiin-klikti-terezesinen-sygaryp-zjitkigen-ke-zrtty-sosytty/

pixel