RU

Демалыс күндері қай өңірлерде күн суытады?

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, күн суытуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет РМК-ға" сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: suomilarissa - LiveJournal
Көрнекі фото: suomilarissa - LiveJournal: UGC

Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасының төмендеуі Республика аумағынан өтетін суық атмосфералық фронттардың әсерінен екен.

Алдағы үш күнде Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде керісінше, күн ашық болып, айтарлықтай жылынатын көрінеді. Тіпті ауа температурасы 13-20 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.

Дегенмен Оңтүстік-Шығыс өңірдің кей жерлерінде ертең түнде қар жаууы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758842-demalys-knderi-kaj-irlerde-kn-suytady/