Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жас босанған ана мен баланың не себепті қайтыс болғаны белгілі болды

Опубликовано:

Қарағанды облысы Ботақара ауылында жас босанған ана мен сәби көз жұмды. Қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: Postimees
Көрнекі фото: Postimees: UGC

Қарағанды облысы Ботақара ауылында қайғылы оқиға орын алды. Қадиша Дәрменбаева есімді тұрғын үшінші баласын босанған соң, алты сағаттан кейін көз жұмған. Өкініштісі дәрігерлер сәбиді де аман алып қала алмаған.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел адам сол күні түс ауа "ішінің төменгі тұсы ауырып тұр" деп ауруханаға келген көрінеді. Ол солдай-ақ, жолдасына қаладағы перзентханаға апаратыны туралы айтқан. Алайда, әйел адамды Қарағандыға жөнелту мүмкін болмапты. Бар-жоғы жарты сағатта суы кетіп, оған жедел түрде ота жасалыпты.

"Сәби кесар тілігін жасау уақытында шетінеп кеткен. Кейін белгілі болғандай, шақалақтың пневмония және менингитке шалдыққаны анықталды, соның салдарынан дүние есігін ашпай жатып, көз жұмды. Бұған дейін келіншек вирустық инфекцияға шалдығыпты, алайда дәрігерге сол күйі қаралмаған. Салдарынан, іштегі сәбиге де дерт жұққан", - дейді облыстық денсаулық сақтау департаменті өкілдері.

Сонымен бірге мамандар, әйел адамның да не себепті көз жұмғанын түсіндіріп берген. "Нәрестені аман алып қалу үшін, кесар тілігін жасаған кезде, оның суы қанға түсіп кеткен. Салдарынан, ағзада аллергиялық реакция пайда болып, шок туындаған. Нәтижесінде, әйел адам ес жимастан қайтыс болған", - дейді мамандар.

Дәрігерлер, ғылымда мұндай жайтты – эмболия деп атайтынын атап өткен.

"Бұл өте сирек кездесетін жағдай, жиырма мың адамның ішінде тек бір ғана жағдай осындай болатын шығар. Ауыл ауруханасының дәрігерлері бұрын-соңды мұндай жайтты өз тәжірибелерінде кездестірмеген", - деді олар.

Қазіргі таңда, аталған оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 317 бабы, 3-бөліміне сәйкес, қылмыстық іс қозғалған. Ведомство өкілдері, дәрігерлердің осы жағдайға қатысты кінәсін құзырлы органдар шешеді деп мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758999-karagandy-oblysynda-zas-bosangan-ana-men-balany-ne-sebepti-kajtys-bolgany-belgili-boldy/

pixel