Отандық полицейлердің жаңа "киім үлгісі" көптің сынына ұшырады (фото)

Опубликовано:

21 қазан күні желіге қазақстандық полицейлердің жаңа киім үлгісінің суреттері тарап кетті. Көпшілік тәртіп сақшыларының қызметтік киімін сотталған қылмыскерлер түрмеде киетін формасына ұқсатып жатты деп жазады NUR.KZ.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Желі оқырмандары "POLITSIIA" жазбасы бар арнайы формадағы полицейлер суретінің жанына абақтыға қамалғандарды қойып, олардың киім үлгісі өзара ұқсас екенін айтты.

NUR.KZ тілшісі ІІМ-нің баспасөз хатшысына хабарласып, тарап кеткен суреттердің растығына көз жеткізу үшін тәртіп сақшыларының жаңа формасы қандай екенін сұрады.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Алмас Садубаев полицейлердің бүгінгі күндегі киім үлгісі заманауи емес екенін ескере кетіп, оның ыңғайлылығы мен сапалығына күмән білдірді.

Анықталғандай, тәртіп сақшыларының жаңа формасы ІІМ-нің жаңғырту бағдарламасы бойынша енгізілетін болады.

"Қазіргі уақытта, біз түрлі отандық өндірушілердің ұсыныстарын қарастырып жатырмыз. Ал желіге тараған фотоларға қатысты ештеңе айта алмаймын. Өйткені олардың рас-өтірігі әлі тексерілген жоқ" , - деді баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан полициясының киім үлгісі өзгеретінін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759141-otandyk-policejlerdi-zaa-kiim-lgisi-kpti-synyna-syrady-foto/