Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық оқушы 18 беттік кітапты 35 секунд ішінде оқып, жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Адина Манатбекова
Фото: russia.tv: UGC

15 жастағы Адина Манатбекова "Таңғажайып адамдар" шоуының әділ-қазылар алқасын жылдам оқу қабілетімен таңдай қақтырды. Жасөспірім "Роосия-1" арнасындағы бағдарламаға қатысқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Адина өзіне бағдарлама жүргізушісі берген 18 беттік кітапты 35 секунд ішінде оқып шығады. Ол жылдам оқып қана қоймай, оны жақсы түсініп алғанын да дәлелдеп берді.

Алматылық арудың айтуынша, ол 2016 жылы 94 мың сөзді бір минут ішінде оқып, жазбаның 90 пайызын түсініп, оқу жылдамдығы бойынша рекорд орнатқан екен.

Ерекше дарынды қыз бұрындары есте сақтау қабілетінің нашарлығынан қиналған көрінеді. Бір тақпақты жаттау үшін бірнеше сағат отыратын болыпты.

Тез оқу оған есте сақтау қабілетін дамытуға жақсы көмектескен. Қазір ол оқығанын жылдам әрі оңай жаттап алатынын айтады.

"Таңғажайып адамдар" бағдарламасының ұйымдастырушылары қазақстандық қыздың қабілетін сынап көру үшін арнайы тәжірибе жүргізіп көрді. Олар ертегінің кей сөздерін алмастырып, Адинаға сол туралы сұрақтар қойған.

Оқушы бар болғаны бір сұраққа дұрыс жауап бере алмады. Алайда жүргізуші оны қателікке жатқызып, қыздың шын мәнінде дарынды екенін мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759242-almatylyk-okusy-18-bettik-kitapty-35-sekund-isinde-okyp-zrtty-tagaldyrdy/

pixel