Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Он алты қыз" әнін домбырамен орындаған әжей елді тамсандырды

Опубликовано:

Ғаламтор кеңістігіне қарт әжейдің халық әнін орындап жатқан видеосы тарап кетті. Бейнежазбаны көрген желі қолданушылар домбырамен ән шырқаған апаға тәнті болған деп жазады Замана басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Аталмыш видеодан дастархан басында домбырамен "Он алты қыз" әнін айтып отырған әжейді көруге болады.

Ал көпшілік ақ жаулықты әженің халық әнін ерекше орындағанына дән риза болып, өзінің оң пікілерін жарыса жаудырған.

"Осындай апалардан айналып кетем. Жасай беріңіз, тамаша", "Апатай жарадыңыз", "Әжейлер осылайша тойда ән шырқап жүрсе керемет" , - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759401-on-alty-kyz-nin-dombyramen-oryndagan-zej-eldi-tamsandyrdy/