Алматыда балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді сызғышпен ұрып келген

Опубликовано:

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің ата-аналары тәрбиешіні жұмыстан шығарып, жазаға тартуды сұрап отыр. Олар бейнебақылау камерасындағы жабаларды қараған соң осы шешімге келген. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/КТК
Фото: Видеодан кадр/КТК: UGC

Видеода мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі балаларды сызғышпен ұрып, аяқ киім, дәптер және ойыншықтар лақтыратыны көрінген.

Бейнажазбада тіпті әйелдің балалар түзу отыруы үшін аяқтарын басқанын да аңғаруға болады.

"Балалар қорқып қалған, өйткені оларға күнделікті жағдай психологиялық түрде әсер етіп отырған. Бүлдіршіндерді қолмен де, қасықпен де, сызғышпен де ұрған. Тіпті, оларды ұрғаннан сызғыш сынып кеткен", - дейді видеоға таң қалған келіншек.

Ал аталған мекемеде тәрбиеленіп жүрген балақайдың әкесінің сөзінше, екі жасар қызы балабақшаға барғысы келмейтінін айтқан.

Фото: Видеодан кадр/КТК
Фото: Видеодан кадр/КТК: UGC
"Осы тәрбиеші болған кезде ол балабақшаға бармаймын деп шу шығарып, жылайтын",- деді ол.

Ата-аналар бұл видеоны меңгерушіден әрең алғанын айтады. Олардың сөзінше, дисктерді біреу жоймақ болған.

"Балабақшада түзеу мекемесіне ұқсас тәртіп орнатылған. Балаларды ұруға қараушылардың екі баласы да көмектескен", - дейді балалардың бірінің анасы.
"Біздің меңгеруші өз таныстары бар екенін, осылайша ол барлығын шешетінін, ал біз ештеңе істей алмайтынымызды айтты",- деді аналардың бірі Мадина.

Ал балабақша меңгерушісі бұл жағдайға қатысты өз пікірін білдірді. Оның сөзінше, видеоға түскен тәрбиеші әлдеқашан жұмыстан қуылған. Оны басшылық тамыз айында сынақ мерзіміне алғанмен, әйел тек бір ғана апта жұмыс істепті.

Сондай-ақ, басшы дискті ата-аналардың қолына бергенін, алайда ештеңеге тиіспегенін айтады.

Ал ата-аналар тиісті органдарға жүгінбек. Дегенмен олар балаларын осы балабақшаға апаруды жалғастыруда.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759563-almatyda-balabaksa-trbiesisi-bldirsinderdi-syzgyspen-ryp-kelgen/