Бес сағат бойы тоқтаусыз бата беретін үржарлық қария елді таңғалдырды

Опубликовано:

ШҚО-ның Үржар ауданында тұратын Зияда Бекбаев есімді қария тоқтамастан бес сағат бойы бата береді. 90 жастағы ақсақалдан бата алуға арнайы келетін адамдар саны да көп деп хабарлайды altaynews.kz.

Фото:kaz.altaynews.kz
Фото:kaz.altaynews.kz: UGC

Зияда Бекбаев алты ұлы мен бес қызынан немере-шөбере сүйіп отырған қарт.

Биылғы "Ақ бата-Асыл мұра" атты сайыста да атай бата беруден алдына жан салмапты.

Сонымен қатар Зияда ақсақал көпшілік алдында берген батасын сирек қайталайды екен.

Кез келген тақырыпта бата беретін Зияда Бекбаевтың өмірлік серігі Бақтыбала әжей бірнеше жыл бұрын дүниеден өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759713-bes-sagat-bojy-toktausyz-bata-beretin-rzarlyk-karia-eldi-tagaldyrdy/