Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның оңтүстігінде уақыт бір сағатқа артқа жылжуы мүмкін

Опубликовано:

Еліміздің оңтүстігінде уақыт бір сағат артқа жылжуы мүмкін. Қызылорда облысының уақытын өзгерту қоғамдық талқыға салынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:russian.rt.com
Фото:russian.rt.com: UGC

Қоғамдық талқы 8 қарашаға дейін жалғасады. Ал уақытты жылжытуды дұрыс деп шешкен жағдайда, өзгеріс желтоқсанның 20-нан 21-не қараған түні енгізіледі.

Уақыт белдеулеріне байланысты өзгерістер енетін болса, ол Ақтөбе - Қостанай, Ақтөбе - Қарағанды, Қызылорда - Қарағанды, Қызылорда - Түркістан аралығында болады.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан мен Астана уақытында бір сағаттық айырмашылық бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759999-kazakstanny-otstiginde-uakyt-bir-sagatka-artka-zylzuy-mmkin/

pixel