RU

Түркістан облысындағы қысы-жазы тоңбайтын қария жайлы не білеміз? (фото)

Түркістан облысындағы Балықты ауылында қысы-жазы тоңбайтын қария тұрады. 78 жастағы Кенжебек Борықбаев үнемі костюм-шалбармен жүреді деп жазады Замана басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

zamana.kz
Фото: zamana.kz: UGC

Түлкібас өңірі тауға жақын болғандықтан қыс ерте түседі. Бұл аймақта адамдар жылы киімдерін ерте қамдап, ауа райының өзгерісіне дайындалады екен. Алайда Балықты ауылында күннің суығынан қорықпайтын қария тұрады.

78 жастағы Кенжебек атайдың сөзінше, өзі осы жасқа келгенше суықтың зардабын тартпаған және бірде-бір рет тоңып көрмеген.

"Тұла бойым үнемі ысып тұрады. Тіпті сақылдаған аяздың өзінде костюм шалбармен ғана жүремін. Жылы киімнен көп болса, жеңіл жемпір киемін", - дейді ақсақал.

Елу жылдай колхозда қызмет еткен екен қария тіпті қалың киім кие алмайтынын айтады.

"Колхозда істегенімде аязды күндері, тіпті ұйтқыған боранда да жеңіл-желпі киініп жүретінмін. Қалың киім кие алмаймын, кисем болды тер басып кетеді", - деп ағынан жарылды Кенжебек Борықбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760811-trkistan-oblysyndagy-kysy-zazy-tobajtyn-karia-zajly-ne-bilemiz-foto/