Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бекзатты мүлдем ұмытып кетті": Чемпионның ата-анасы өкпесін айтты (фото)

Опубликовано:

Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан боксшы Бекзат Саттархановтың ата-анасы "чемпионды ұмытып кеткен" еліне өкпелі. Себебі спортшының есімі берілген мектеп 2000 жылдан бері жөндеу көрмеген екен. Бұл туралы "Отырар" телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бекзат Саттарханов. Фото: juldyz.kz
Бекзат Саттарханов. Фото: juldyz.kz: UGC

2000 жылы Түркістан қаласындағы спорт мектебіне Бекзат Саттархановтың есімін берген. Алайда, оның ішінде Абдысалам Нұрмаханов атындағы мектеп жұмыс істеп тұрған көрінеді.

Бексат Саттарханов атындағы спорт кешені. Фото: otyrar.kz
Бексат Саттарханов атындағы спорт кешені. Фото: otyrar.kz: UGC

Түркістан қаласына кіреберіс жолда атақты чемпионға ескерткіш қойылған, ал оның жанында тұрған спорт кешені салынғалы бері жөндеу көрмепті. Мектеп директорының орынбасары жақында бұл олқылықтың орнын толтырамыз деп отыр.

Спорт кешеніндегі массаж кабинеті. Фото: otyrar.kz
Спорт кешеніндегі массаж кабинеті. Фото: otyrar.kz: UGC
"Біз республикалық деңгейде жарыстар ұйымдастырамыз. 100 пайыз болмаса да, қолымыздан келгенінше, барлығын жасап жатырмыз. Келесі жылдың наурыз айынан жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Оған 300 миллион теңге бөлініп қойды.
Біз өз күшімізбен еденді ауыстырып, кабинеттерді жөндеп қойдық", - дейді Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Төленбек Асанов.
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: UGC

Аталмыш мәселеге қатысты Бекзат Саттархановтың жақындары да өз наздарын жеткізді.

"Бекзат олимпиада чемпионы болған кезде бұл кешен бар еді. Ал қазір сыртында Бекзаттың есімі жазылғанымен, ішінде мүлдем басқа спортшының мектебі жұмыс істеп тұр. Бұл ғимаратта менің ұлыма қатысты басқа ешнәрсе жоқ.
Бекзатты мүлдем ұмытып кетті. Ешкім қазір оны есіне де алмайды, жақсы сөз де айтпайды. Жөндеу жұмыстары туралы мүлдем ауыз ашпай-ақ қояйын. Чемпионның өз атына заманауи, жақсы ғимарат салса болмады ма? Ол Қазақстанның атынан жұдырықтасып, елдің атын шығарған азамат болды ғой", - дейді Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттарханов.

Айта кетейік, спорт кешеніне барған тілшілер ондағы жаттығу құрылғыларының да істен шыққанына куә болған.

Спорт кешеніндегі дәрігер кабинеті. Фото: otyrar.kz
Спорт кешеніндегі дәрігер кабинеті. Фото: otyrar.kz: UGC

Телеарна тілшілері Түркістан облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасына хабарласып, мәселенің мән-жайын сұраған. Мамандардың айтуынша, ғимаратты ретке келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттарға облыстық қазынадан 7 миллион теңге бөлініп қойыпты. Олар 2019 жылдан бастап жөндеу жұмыстарына кірісетіндерін айтып сендірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1761962-bekzatty-mldem-mytyp-ketti-cempionny-ata-anasy-kpesin-ajtty-foto/

pixel