ШҚО-да көше атаулары жаппай қазақшаланып жатыр
Опубликовано:
Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында бірнеше көше атаулары өзгертілетін болды. Бұл ақпарат аудан әкімінің ресми сайтында жарияланған деп жазады altaynews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өңірдегі Первомайский ауылдық округіндегі Пождепо көшесі- Өндерістік, Коммунальная көшесі - Береке, Энтузиастов көшесі - Самал болып ауыстырылатын болды.
Сонымен қатар Волчанка ауылдық округінде Волчанка мен Березовка ауылдарындағы бірқатар көше атаулары да өзгертілмек.
Мәселен Волчанка ауылындағы Новая көшесі - Жаңарқа, Солнечная – Күншуақ, Западный – Үркер, Торговая – Ақбидай, Горная көшесін– Көктас деп ауыстыру туралы шешім қабылданған.
Сондай-ақ, Березовка ауылындағы Западная көшесі Береке, Центральная – Атамұра деп қазақшаланбақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1763959-sko-da-kse-ataulary-zappaj-kazaksalanyp-zatyr/