Астанада қашып кетпек болған жүргізушіні бес полиция көлігі қоршап алды (видео)

Опубликовано:

Астанада арнайы бес полиция көлігі Volkswagen жүргізушісін қоршап алды. Тәртіп бұзушы бой тасалмақ болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Кадр видеодан
Кадр видеодан: UGC

Болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан бес полиция көлігінің Volkswagen-ді екі жағынан қоршап тұрғаны байқалады.

Елордалық полция департаментінің мәліметінше, аталмыш көліктің жүргізушісі бүгін түсте Абай даңғылында ұсталған. Оның құжаты болмапты.

Ер адам тәртіп сақшыларының тоқта деген талабын елемей, олардың көзінен таса болуға ұмтылған. Ал полицейлер оны қоршап алғанда тәртіп бұзушы көлік салонына тығылып қалған.

Ақыр соңында ер адам бөлімшеге жеткізіліп, көлік коммуналдық тұраққа қойылған.

26 жастағы жігітке қатысты тәртіп бұзғаны үшін үш әкімшілік хаттама толтырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764812-astanada-kasyp-ketpek-bolgan-zrgizusini-bes-policia-kligi-korsap-aldy-video/