Қарағандыдағы ЖОО-да сатушысы жоқ дүкен ашылды
Опубликовано:
Қарағандыдағы ЖОО-лардың бірінде "Адалдық дүкені" ашылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл сауда орталығының жұмысы өз-өзіне қызмет ету жүйесіне негізделген. Мұнда сатушылар жоқ, ал тауарларға сатушылар өздігінше ақша төлейді. Олар төлемді касса жәшігіне тастап кетеді.
Бүгін Қарағанды облысына іс-сапары барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев жаңа стандартты емес дүкенді әрбір студентке адалдық принципін қалыптастыру құралы деп атады.

"Мұндай жобаны енгізу ең алдымен жастардың адалдығы мен парасаттылығын тәрбиелеуге бағытталған. Тәрбие мен білім беру процесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адам санасын қалыптастырудың негізі болып табылады", - деді Алик Шпекбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765283-karagandydagy-zoo-da-satusysy-zok-dken-asyldy/