Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Опубликовано:
Алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесі қазақстандықтарға 30-31 желтоқсан және 1-2 қаңтарда төрт күн демалыс сыйламақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жылы 29 желтоқсан, яғни сенбілік демалыс күні дүйсенбі - 31 желтоқсанға ауыстырылады.
Демек, қазақстандықтар 30 желтоқсаннан бастап демалатын болады. Сондай-ақ 31 желтоқсан мен 1-2 қаңтар да мерекелік күндер болып саналады.
Сонымен, жаңа жылдық мерекеде ел тұрғындары төрт күн демалады. Ал 3 қаңтар - бейсенбіде жұмысты қайта жалғастырады.
2019 жылдың алғашқы апталары азаматтарды тағы да қысқа жұмыс күндерімен қуантады.
7 қаңтар - дүйсенбіде православтық христиандар Рождество мерекесін тойлауына байланысты қазақстандықтар тағы бір күн демалыс алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765588-zaa-zyl-merekesinde-kazakstandyktar-kansa-kn-demalady/