Алматыда өткен Мәуліт кешінде Пайғамбарға арнап ән шырқалды (фото)
Опубликовано:
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен "Тәлімгер пайғамбар тағылымы" атты мәуліт кеші өтті. Мәуліт кеші белгілі қари Серік Ахметовтың Құран оқуымен және ақын, сазгер Жәкен Омардың "Мәуліт" жырын орындауымен басталған деп жазады azan.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мерекелік шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет ашып берген.

Бас мүфти өз сөзінде Пайғамбарымыздың Мәуліт айымен Алматы жұртшылығын құттықтап, Алла елшісінің дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш екенін айтты.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, мұсылмандарды Оның көркем мінезінен үлгі алуға шақырды.

Айта кетейік, бұл кеште "Өнер қырандары" мен "Назар аудар" әзіл-сықақ театрлары өз қойылымдарын көрсеткен.

Ал Айдар Тұрғанбек "Пайғамбарға (c.ғ.с) сағыныш", Райым Уайыс "Құран үні" әндерін орындаса, Ерген Айтымбетов, Қанатбек Полатбек, Сержанәлі Әлібек сынды әншілеріміз Пайғамбарымыздың құрметіне салауат әнін шырқаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765706-almatyda-tken-mulit-kesinde-pajgambarga-arnap-n-syrkaldy-foto/