Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлем аруында" елдің намысын қорғайтын бойжеткен Қазақстан туралы баяндады

Опубликовано:

Youtube желісіндегі Miss World арнасында "Әлем аруы-2018" байқауында Қазақстанның намысын қорғап жатқан Екатерина Дворецкаяның өз мемлекеті туралы айтқан видеосы жарияланды деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Youtube
Фото: Видеодан кадр/ Youtube: Facebook

Бейнежазбада бойжеткен ағылшын тілінде өз отаны туралы қысқаша айтып берген.

"Менің жасым 20-да. Қазіргі уақытта Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқимын. Мен "Әлем аруы-2018" байқауында Қазақстанның намысын қорғаймын. Менің отаным әлемде жер көлемі бойынша тоғызыншы орынға ие. Ол Еуропа мен Азияда орналасқан және табиғаты өте керемет", - дейді Екатерина Дворецкая.

Екатерина Дворецкая 1998 жылы 4 қазан күні Қарағандыда дүниеге келген. Ал 2017 жылы Қазақстанның бірінші вице-аруы атағына ие болған.

Бойжеткен университет табалдырығын аттаған сәттен бастап болашақ кәсібін тілдермен байланыстырған. Қазір ол қазақ, ағылшын және испан тілдерін үйреніп жүр. Сондай-ақ, Екатерина тенниспен, атлетикамен және йогамен айналысады. Келешекте ару дипломат болғысы келеді.

68-ші рет ұйымдастырылып жатқан "Әлем аруы" байқауы 8 желтоқсан күні Хайнань аралында өтеді.

Айта кетейік, аталған сұлулық байқауында отандық әнші Димаш Құдайберген ән шырқайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765749-lem-aruynda-eldi-namysyn-korgajtyn-bojzetken-kazakstan-turaly-baandady/

pixel