Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарапайым болу керек": Әбдірахымов Шымкенттегі бай құдалық туралы айтты

Опубликовано:

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жергілікті екі зауыттың иесі өткізген құдалық туралы пікір білдірді. Дүркіреп өткен жиын видеосы желіде тарап, жұрттың қызығушылығын туғызған болатын.

Фото: shymkent.gov.kz
Фото: shymkent.gov.kz: UGC
"Мен бұл видеоны көрдім, тіпті оны кім өткізгенін де шамамен білемін. Қалай болғанда да екі жақтан құдаласып отырған кәсіпкерлер. Егер өздері қаласа солай өткізе берсін. Бірақ менің пікірімше, өмірде қарапайым болу керек", - деді әкім NUR.KZ порталының тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

Әбдірахымов қалыңдық пен күйеужігіттің ата-анасы бұрыннан осындай той жасауды армандаған болуы мүмкін деп санайды.

"Егер менің ұлым болса осындай керемет той жасаймын деген армандары болған шығар. Онда жүзеге асыра берсін арманын", - дейді Шымкент мэрі.

Оның айтуынша, құдалықты желіде жариялаған ұйымдастырушылардың өзі емес, той қонақтары екен.

"Тойды видеоға түсіріп, елге көрсету үшін жасаған жоқ. Өз балалары үшін ұйымдастырды. Сондықтан мен оған қалыпты жағдай ретінде қараймын", - дейді ол.

Сондай-ақ әкім Шымкент тұрғындарының қазір той кортежіне шыққанда жол ережесін сақтап жүргенін атап өтті.

"Шымкент көшелерінде ақыры тәртіп орнаттық. Бұрындары барлық жолды жауып тастап кортеж жасайтын. Қазір ондай жоқ", - деп сендірді Әбдірахымов.

Еске салсақ, осыған дейін Шымкентте өткен ерекше құдалықтың видеосы желіде тарап, халықтың қызу пікірталасын туындатқан. Онда қазақша стильде киінген азаматтар қалыңдықтың дүние-мүлкін қатарласа көтеріп, ұлттық нақыштағы әуендер ойналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765780-karapajym-bolu-kerek-bdirahymov-symkenttegi-baj-kdalyk-turaly-ajtty/

pixel