ШҚО-да балаларын бетімен жіберген бес мың ата-ана жазаға тартылды
Опубликовано:
ШҚО-да бес мың ата-анаға ересек балаларын қараусыз қалдырғаны үшін айыппұл салынып, 150 адам бала тәрбиелеу құқығынан айырылды деп хабарлайды Алтайньюс.

Кәмелет жасқа толмаған жеткіншектердің сағат 23.00-ден кейін көшеде, көңіл көтеретін өзге орындарда ересектердің қарауынсыз жүргені үшін олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, бала тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамаған 350 ата-анаға айыппұл салынған. Ал 150 адам мүлде ата-аналық құқығынан айырылды.
Кәмелет жасқа толмаған балалардың бейімделу орталығына 850 жасөспірім, арнайы білім беру мекемелеріне – 20 жасөспірім орналастырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765816-sko-da-balalaryn-betimen-zibergen-bes-my-ata-ana-zazaga-tartyldy/