Еліміздің бірнеше қаласында ғимарат атаулары жаппай латын қарпіне көшуде
Жарияланған күні:
Қазақстанның бірнеше қаласында латын қарпіне "көшкен" нысан атаулары күн санап көбеюде. NUR.KZ еліміздегі латын қарпімен жазылған нысан атауларын зерттеп көрді.
Астанада латын әліпбиіне көшуді, әсіресе, мемлекеттік мекемелер қолға алған. Қаланың әр түкпірінен латын әріптерімен жазылған мемлекеттік органдарды кездестіруге болады.
Сонымен бірге, бас шаһардағы мәдениет нысандарының атауы да біртіндеп латын қарпіне көшіріле бастаған.
Елордадағы сауда орындары мен дүкен атаулары да латын әліпбиіне көшуді жөн санаған. Мәселен, Республика даңғылының бойындағы "Сұңқар" сауда үйі латын әліпбиімен жазылған.
Латын қарпіне көшуде әсіресе "ЭКСПО" аумағындағы мейрамханалар мен түрлі нысандар алдына жан салмай тұр. Мысалы көрме аумағындағы мына мейрамхананың атауы "Qazan" деп латынша жазылған.
Сол сияқты сол жағалаудағы түрлі оқу және спорттық нысандардың да атауы латын әліпбиіне өзгертілген.
Елордада, сондай-ақ, кей көшелердің атауы да латын қарпіне көшкен. Мысалы сол жағалаудағы Бұқар жырау көшесінің аты толығымен латын әрпіне көшірілген.
"Латын" қарпімен жазылған нысан атаулары Алматы мен Ақтөбеде де кездеседі.
Мәселен Ақтөбе жоғары медициналық колледжі де атауын латын графикасына сай өзгерткен.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы 2018 жылдың 20 ақпасында латын қарпінің жаңа нұсқасын бекітті. Кейін Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов латын әліпбиіне кезеңдеп көшу жоспарын халыққа түсіндіріп берген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765882-elimizdi-birnese-kalasynda-gimarat-ataulary-zappaj-latyn-karpine-ksude/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.