Ақтаудағы моншалар мен түнгі клубтардан отыздан аса жезөкше ұсталды
Опубликовано:
Ақтау қаласында "Stop-трафик" жедел-профилактикалық шарасы аясында 34 жезөкше ұсталып, адам сату және жеңгетайлық жасау фактісі бойынша бес қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

22 мен 26 қараша аралығында Ақтау қаласының полицейлері моншалар, түнгі клубтар және жалдамалы пәтерлерді тексерген.
"Жедел-профилактикалық шара аясында 34 жезөкше анықталып, тіркеуге алынды. Екі жеңгетай ұсталды", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тексеру барысында қылмыстық кодекстің 449 бабы бойынша әкімшілік тәртіп бұзудың сегіз фактісі тіркелген. Тәртіп бұзушылардың біреуі қабылдаушы-бөлуші мекемеге жеткізілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765918-aktaudagy-monsalar-men-tngi-klubtardan-otyzdan-asa-zezkse-staldy/