Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саунадағы шулы видео: Тоқберген Әбиевке сот үкім шығарды

Опубликовано:

Ақтау қалалық сотында қазақстандық БАҚ Альянсының басшысы Тоқберген Әбиевке қатысты үкім шықты деп хабарлайды "Ладаға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тоқберген Әбиев. Фото: azattyq.org, видеодан кадр
Тоқберген Әбиев. Фото: azattyq.org, видеодан кадр: Instagram

Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталмыш азаматтарға сот үкімі 5 желтоқсан күні шыққан.

Тоқберген Әбиев, Азамат Таңатаров, Қуаныш Рзаев пен Жалғас Түлесеновке Маңғыстау өңіріндегі сот және мемлекеттік органдардың жұмыстарына әлеуметтік желі немесе басқа да құралдар арқылы кедергі келтіргені анықталды.

Тоқберген Әбиев бір жылға бас бостандығынан айырылса, Таңатаров жеті айға қамауға алынды. Екі азаматқа сот залында кісен салынған.

Ал Рзаев пен Түлесеновке тағылған айыптар алынып тасталды.

Айта кетейік, былтырғы жылы "жемқорлыққа қарсы күресушілердің" саунадағы видеосы желіге тарап, жұрттың наразылығын тудырған болатын.

Видеодағы кадрдан жалаңаштанған ерлердің өз қатарына қызметкерлерді қосып, сол мезетте оларға "корочка" бергені көрініс тапқан.

Алайда бас прокуратура бұл видеодағы адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеменің қызметкерлері емес екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1767336-saunadagy-suly-video-tokbergen-bievke-sot-kim-sygardy/

pixel