Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік кәсіпкер 200 отбасыға азық-түлік таратты (фото)

Опубликовано:

Шымкенттік кәсіпкер Саухан Аташбекұлы 200 отбасыға азық-түлік таратты. Бизнесмен бұл игі істі тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастыруды жөн санаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бүгін Шымкенттегі Айтбек ата мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен кілем таратылды. Кәсіпкер бұл қайырымды ісіне 2 млн теңгесін жұмсапты.

Ал оған дейін Шымкент пен Түркістан қалаларындағы көмекке мұқтаж отбасылардың әрқайсысына елу мың теңге мен тұрмыстық техникаларды тарту еткен. Саухан Аташбекұлы бұл игі ісін аптаның соңына дейін жалғастыруды көздеп отыр.

"Алла разылығы үшін осындай шараны өткізіп жатырмыз. Әрине, мақсатымыз - өзге де кәсіпкерлерге үлгі болса дейміз. Себебі бізде көмекке мұқтаж жандар көп. Мен отбасымның атынан жылына бірнеше рет осындай қайырымдылық акцияларын өткізуді әдетке айналдырғанмын.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
Алла қаласа, енді Наурыз мерекесі мен Рамазан айында да қолымнан келгенінше тұрмысы төмен жандарға көмегімді беруге дайынмын", - деді кәсіпкер.

Айта кетерлігі, жомарт жан өзінің қол астында істейтін қызметкерлеріне де үнемі демеушілік етіп отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768508-symkenttik-ksipker-200-otbasyga-azyk-tlik-taratty-foto/

pixel