Қазақстанның атақты сазгері Әліби Мәмбетов қайтыс болды

Опубликовано:

15-ші желтоқсан күні Қазақстанның беделді композиторы, режиссеры және ұстаз Әліби Мәмбетов 58 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

meloman.kz
Фото:meloman.kz: UGC

Сазгердің не себепті қайтыс болғаны жарияланбады.

Әліби Мәмбетов – атақты қазақстандық композитор Ғазиза Жұбанова мен режиссер Әзербайжан Мәмбетовтің ұлы еді. 

Ол "Қазақстан-1" арнасының "Ақшам- кешкі жаңалықтар" телебағдарламасының музыкалық тақырыптардың және "Хабар" арнасының негізгі кіріспесінің авторы.

Мәмбетов театр мен кино саласында еңбек сіңірген сазгер. Оның туындыларын "Сиқыршының қуаршақтары", "Қадырдың бақыты" атты мультфильмнен және 30-дан аса театр қойылымдарынан естуге болады.

Марқұмның жақындары мен достары әлеуметтік желілерде көңіл айтып жатыр. 

"Менің досым, әріптесім – композитор, әйгілі Әзербайжан Мәмбетов пен Ғазиза Жұбанованың ұлы, Ахмет Жұбановтың жиені, ақжарқын әрі қарапайым Әліби Мәмбетов көз жұмды", — деді композитор, "Qazaq Composers League" қоғамдық қорының президенті Артық Тоқсанбай. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768872-kazakstanny-atakty-sazgeri-libi-mmbetov-kajtys-boldy/