Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Челахтың тағдыры бір сағатта шешілді: Жоғарғы сот судьясы түсінік берді

Опубликовано:

Астанадағы Жоғарғы сот өзіне қатысты істі қайта қарау және үкімнің күшін жою туралы арызданған Владислав Челахтың өтінішін қанағаттандырмады. Қазақстандық шекарашыларды өлтірді деп айыпталған азаматтың ендігі тағдырын үш судьядан тұратын сот алқасы бір сағатқа жетер-жетпес уақытта шешіп тастады деп жазады NUR.KZ.

Фото: ateist66.livejournal.com
Фото: ateist66.livejournal.com: Facebook

Челахтың ісіне қатысты сот Жоғарғы сотта сағат таңғы 10:00-де басталып, 10:56-да аяқталған.

Сот отырысындағы Челахтың қорғаушысы мен прокурордың сөздерін есептемегенде, сот алқасы кеңесу мен шешім шығаруға 47 минут уақыт жұмсаған.

Сот алқасының төрайымы Лариса Шепелева Челахтың арызын қанағаттындырудан бас тарту мен істі қайта қараудан бас тарту туралы шешімді түсіндіріп берді.

"Челахтың арызында оның өзін қорғау құқығы бұзылғаны айтылған. Ол адам құқығы бойынша БҰҰ комитетінің шешімі негізінде іс материалдарымен танысуға сот алды тергеу жұмыстары аяқталғанша жеткілікті уақыт берілмегенін көрсеткен.
Сондай-ақ, басты сот талқылауындағы екі сот отырысында ол (Владислав Челах-ред) таңдаған қорғаушының орнына сот тағайындаған қорғаушы қатысты", -деді судья.

Судья бұл бөлімде ешқандай заң бұзылмағанын айтты. Өйткені, Челах сот алды тергеу жұмыстары уақытында іспен танысуға берілген уақыттың жеткілікісіз екені туралы ештеңе айтпаған. Ал қорғаушыны сот бұрынғы қорғаушының ауыруына байланысты өзгерткен. Олар қанша уақыт болмайтыны туралы хабарламапты.

Судьяның айтуынша, Челахтың кінәсін қанды оқиға орнын тексеру хаттамасы мен Челахтың өз кінәсін мойындағаны, сондай-ақ, барлық сараптамалар растап отыр.

"Осыған байланысты сот заң бұзды немесе заңбұзушылықтар орын алды деуге еш негіз жоқ", -деді Шепелева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774485-celahty-tagdyry-bir-sagatta-sesildi-zogargy-sot-sudasy-tsinik-berdi/

pixel