Түркістан облысында әкім орынбасарын атып кеткендерге қатысты сот басталды
Опубликовано:
Түркістан облысында Төле би ауданы әкімінің орыбасары Рабиға Бейсебаеваны атып кеткен күдіктілерге қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушылар орындығында төрт адам деп хабарлайды КТК арнасы.

Қылмыстық іс әуелі "адам өлтіруге оқталды" деген баппен қозғалған. Кейін ол қайта өзгеріп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары қару-жарақты заңсыз иемдену немесе алып жүру бабы бойынша қайта жалғасқан.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, күдіктілер Рабиға Бейсебаеваға тапа тал түсте шабуыл жасаған. Айыпталушылар бірінші шенеунік әйел мен оның жүргізушісін ұрып-соғып, кейін олар әл бермеген соң оқ атқан.
Ақырында әкім орынбасары басынан жарақат алып, ауруханаға түскен болатын.
Күдікті тарап адвокаттарының айтуынша, Рабиға Бейсебаева ұсталғандардың бірінің шешесіне қомақты ақша бережақ болыпты.
"Бейсебаева Рабиға есімді азаматшаға қатысты бас араздығы барын, сол себепті оған қатысты тек кек алу мақсатында күш қолданып, қастандық жасауды тапсырған. Сонымен қатар осы тапсырманы орындаған қызметі үшін 1 300 000 теңгені қолма-қол беретінін айтқан", - дейді мемлекеттік айыптаушы Алмас Сағындықов.
Дереккөз КТК арнасы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774554-trkistan-oblysynda-kim-orynbasaryn-atyp-ketkenderge-katysty-sot-bastaldy/