Қазақстанда жаңа ақылы жолдармен жүру қанша тұрмақ?

Опубликовано:

"Астана-Теміртау", "Алматы-Қапшағай" мен "Алматы-Қорғас" тас жолдары осы сенбіден бастап ақылы болмақ. Бұл туралы ақпарат "ҚазАвтоЖол"ҰҚ" АҚ-ның ресми сайтында жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: kolesa.kz/Алексей Старков
Фото: kolesa.kz/Алексей Старков: Facebook

Бұл жолдарда алдын ала төлем жүйесі енгізілетін болады. Ол арқылы көлік жүргізушілері қаражатының кейбір бөлігін үнемдемек.

"Астана-Теміртау" бағытында жол жүру 400 теңге тұратын болады. Ал егер жүргізушілер алдын ала төлем жүйесін қолданса 200 теңге жұмсайды. "Алматы -Қапшағай" тасжолы бойынша жол жүру 200 теңгені құраса, алдын ала төлеммен 100 теңге болмақ.

"Алматы-Қорғас" тасжолы ең қымбат болып шықты. Бұл бағытта жүруге 600 теңге тағайындалса, алдын ала төлем бойынша 300 теңге тұрады.

Анықталғандай, бүл жағдай тек жеңіл көлік жүргізушілерге ғана қатысты.

Басқа көлік жүргізушілері үшін төлем бағасы төмендегі кестеде келтірілген:

Фото: "ҚазАвтоЖол"ҰҚ" АҚ
Фото: "ҚазАвтоЖол"ҰҚ" АҚ: Facebook

Алдын ала төлем жеті түрлі әдіспен жүзеге асырылмақ: интернет-банкинг, PayWay.kz, KazDriver, Е100, QIWI терминалдар, Касса24, Киберплат, Tenge, Wooppay, Salempay және мобильді құрылғы төлемімен.

Ақылы авто жолдарға жақын ауданда тұратын тұрғындар 12 ай бойына 1000 теңге тұратын абонемент беріледі.

Абонементті рәсімдегісі келетіндер төлем қабылдайтын пункттерде ала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774781-kazakstanda-zaa-akyly-zoldarmen-zru-kansa-trmak/