Алдағы үш күнге ауа райы: Қазақстанның бірқатар өңірлерінде бұрқасын күтілуде
Опубликовано:
Қазақстанда 24-26 қаңтар аралығында температура құбылмалы болмақ. Еліміздің бірқатар облыстарында атмосфералық фронттар салдарынан жауын-шашын болады деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстанның батысы, солтүстігі, шығысы мен орталығында ауа темературасы құбылмалы болып, жауын-шашын күтілуде. Бұл өңірлерде бұрқасын мен қалың қар түседі.
Синоптиктердің мәлімдеуінше, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы қалыпты болмақ. Алайда, бұл аудандарға қар түсу мүмкін. Оған қоса, алдағы күндері көктайғақ пен тұман күтіліде.
СҚО-да қатты жел мен бұрқасын салдарынан дауылды алдын ала ескерту жарияланды. Петропавлда жел секундына 15-20 метрге дейін күшейтілмек. Дауылдың орын алуы 90-95%-ға бағалануда.
ШҚО-ның Төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні жүру мүмкін деп хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774784-aldagy-s-knge-aua-rajy-kazakstanny-birkatar-irlerinde-brkasyn-ktilude/