Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп басшылары Түркістандағы әлімжеттікке қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Осыдан бірнеше күн бұрын желіде таралып, қоғамда дау тудырған оқушылар арасындағы әлімжеттікке қатысты түркістандық мектеп директорлары пікір білдірді. Әлеуметтік желідегі видеоны көріп жағасын ұстаған басшылар, төбеден жай түскендей күйде болған деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр facebook.com/Newtimes.kz видеодан
Кадр facebook.com/Newtimes.kz видеодан: Facebook

Білім ордаларының басшылары оқушылар арасындағы әлімжеттік жайлы әлеуметтік желіден көргенін айтып, мұндай оқиғаның бұрын-соңды болмағанын алға тартты.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Facebook
"4 жыл көлемінде директор болып қызмет етіп келемін. Әлеуметтік желіден көрдік. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Бұл оқиға бәрімізге ауыр тиді.  Бейнематериалдағы 1-2-уі біздің мектептің оқушылары.
Оқиғаның ішінде олар аяқ жағында тұрғанын көріп қалдық. Әке-шешелері бар. Қазір құзырлы органдар анықтауда. Оқушылармен де, ата-аналарымен сөйлестім. Олар 9-шы сыныптың оқушылары, бұған дейін араларында "конфликт" болған. Бекзат Саттарханов шағынауданында үш бірдей мектеп бар. Оқушылар бір-бірімен тату, ынтымағы жарасқан. Соңғы 4-5 жылда мұндай жағдай болмаған еді. Төбемізден жәй түскендей болды", - дейді №18 мектептің директоры Дәулет Құдайбергенов.

Абай атындағы мектеп директоры оқушысынан мұндайды күтпегенін жеткізді.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Twitter
"Бейнематериалдағы бір оқушы біздің мектептен. Сабақтан қалмайтын, белсенді бала. Ол жақында ашылған "Адал ұрпақ" клубының мүшесі және "Адал жол" клубына қатысқан. Оқушымнан мұндайды күтпедім. Тіпті мұндай оқиға болады деп күтпегенбіз. Қатты әсер етті. Мектептегі тәрбиесі қиын оқушылардың арасында бұл оқушы жоқ", - дейді №31 мектептің директоры Шынар Тілеубергенова.
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Instagram
"Зәбір көрген балалардың жағдайы жақсы. Сабаққа қатысып жатыр. 23 қаңтарда екеуін дәрігерлік тексеруге алып кетті. Балаларға психолог, әлеуметтік қызметкерлер көмектерін көрсетуде.
Әлеуметтік желіде тараған бейнематериалдан бір оқушымыздың ерні жырылғанын көрдік. Бір оқушының ата-анасы арызданды. Басқалары шағымданған жоқ. Сабақтан кейін болған оқиға, басқа мектептің 9-шы сынып оқушылары біздің  балаларды басқа жерге алып кеткен.
Біздің мектептің үш оқушысы футболға қатысып жүрген 9-шы сынып оқушылары. Тәрбиелі отбасыдан шыққан, тәртіпті балалар. Оқиға жұма күні болған дейді, біз бейнематриалды 22-ші  қаңтарда көрдік", - дейді №16 мектептің директоры Базарқұл Мырзақұлов.

Айта кетейік, осыған дейін желіде аяусыз соққыға жығылған мектеп оқушыларының видеосы тараған еді. Бұған қатысты Ішкі істер министрі жедел түрде жауап беріп, оқиғаға қатысы бар барлық жеткіншектерді анықтаған.

Күні кеше оқушыларға әлімжеттік көрсеткен баланың анасы ұлы үшін ата-аналардан кешірім сұрады.

Сондай-ақ, әлімжеттік үшін мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да, осы бейнежазбаны жазған адамдар да жауапқа тартылуы мүмкін екені айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774874-mektep-bassylary-trkistandagy-limzettikke-katysty-pikir-bildirdi/

pixel