Ауа райы: Еліміздің біршама бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады
Опубликовано:
Бүгін, 25 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар аумағында құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады. Кей аймақтарда тұман, көктайғақ, боран болып, қатты жел соғады деп хабарлайды "Қазгидромет".

Шымкентте ауа райы жылы болады деп күтілуде: күндіз ауа температурасы 5-8 градус жылы болса, түнде сынап бағанасы - 2 градусқа дейін төмендейді.
Алматыда күн ашық, желсіз. Күндіз ауа температурасы +1 градусқа дейін жылынса, түнде - 3 пен 1 арасында құбылып тұрады.
Астанада қатты аяз – таңертең және күндіз күн түсіп тұрғанымен, 24-28 градус аяз болады, түстен кейін аспан бұлттанып, сынап бағанасы - 19-21 градусқа дейін жоғарылайды.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қостанай облысында кей жерде тұман түседі, сондай-ақ, көктайғақ болып, боран соғады, желдің екпіні — 15-20 м/с.
Атырау мен Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде желдің екпіні — 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, боран, желдің екпіні — 17-22 м/с. Павлодар, Қарағанды облыстарында төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақмола, Жамбыл облыстарында да тұман түседі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.
Алматы, Қызылорда облыстарындың кей бөліктерінде тұман, көктайғақ. Түркістан облысында тұман күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775009-aua-rajy-elimizdi-birsama-bliginde-boran-sogyp-kktajgak-bolady/