Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өлтіремін деді": Жездесімен төсектес болып жүрген 18 жастағы ару мұңын шақты

Жарияланған күні:

Жазғы демалыста әпкесінің үйіне қыдырып барған жасөспірім қыздың өмірі сол түннен бастап өзгерген. Бүгінде 18 жасқа келген ару әлі күнге дейін сол күні басталған тозақтан құтыла алмай келеді деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: syl.ru
Көрнекі фото: syl.ru: Facebook

Бойжеткен әпкесінің үйіне қонаққа барған кезін үреймен еске алады.

"Алтыншы сыныпта оқитынмын. Әпкемнің үйіне жазғы демалыста қыдырып бардым. Әпкем алаңсыз түнгі кезекшілігіне жұмысқа кетті. Мен балаларына қарап, үйде қала бердім. Ештеңемен шаруам жоқ, ойын баласымын ғой.

Қатты ұйықтап кеткен екенмін. Кеудем жаншылып ауа жетпегендей болып оянып кеттім. Қарасам жездем, үстіме мініп алыпты.

Не болып, не қойып жатқанын ол күні түсінген жоқпын. Ертеңіне мазам болмай ауырып жүрдім",- дейді бойжеткен.

Әлі мектеп аяқтамаған қызға жездесі бұл әрекетін күніге жасайтын болыпты.

"Жездем әпкеңе айтатын болсаң, оңдырмаймын деді. Содан әпкем түнгі ауысымға кеткенде, жездем үнемі мазалайтын болды. Соңғы уақытта не істесе де көніп жата беретін болдым. Басқа амалым да жоқ еді.Әйтпесе, "өлтірем" деп қорқытып қойған",- дейді ару.

Бұл азаптан шаршаған бойжеткен өз қатарластары сияқты өмір сүргісі келетінін жеткізді.

"Қазір жасым он сегізде, жездем әлі де менімен байланысын үзгісі жоқ. Ал мен өзім қатарыммен үй болып, бақытты жанұя болғым келеді. Бала сүйгім келеді.

Әйтеуір осы уақытқа дейін аяғым ауырлап қалмай жүргеніне таң қаламын. Кейде мен бедеу шығармын деп ойлаймын.

Жездем ешкіммен сөйлеспе, жігітті жаныңа жолатпа деп қатаң тыйым салып қойды. Не істерімді білмеймін. Ешкімге сырымды айта алмаймын. Кейде өлгім келеді", -дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776126-ltiremin-dedi-zezdesimen-tsektes-bolyp-zrgen-18-zastagy-aru-myn-sakty/