Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім қазақ деп соғады": Қазақшаға судай шешен жігіті жайлы не білеміз?

Жарияланған күні:

ШҚО-ның Үржан ауданына қарасты Қарақол орта мектебінде информатика пәнінен сабақ беретін Асланбек Чабаевтың ұлты шешен. Ол 2009 жылы қазақ тілін меңгерген мұғалім өзге ұлт өкілдері байқауында бас жүлдені алған деп жазады Аltaynews.kz.

altaynews.kz
Фото:altaynews.kz: Facebook

Асланбек Қарақолда туып-өскен. Араласытын ортасының бәрі қазақ. Қазақ тілін ана тіліндей білетінін айтып мақтанады. Орыс тілін де меңгергендіктен үш тілде еркін сөйлейді.

"Бірде қызық болды. Қаладан қайтып келе жатқанмын. Автобусты күтіп тұрдым. Қасыма қазақ жігіттер келді. Маған орыс тілінде сауалдар қойды, жауап бердім. Сонда біреуі: "Осында тұрады екенсің, неге қазақ тілін білмейсін?" деді. Сонда мен: "Ей, бауырым, менің жүрегім "Ауылым" деп, сосын "Қазағым" деп қана соғады. Біздің аталарымыз солақай саясаттың кесірінен арып-ашып киелі қазақ жеріне табан тіреген сәтте ауызымызға су тамызып аш өзегімізді жалғауға жәрдем берген қазақты мен қалай ұмытайын?!" дегенімде ана жігіттер риза болып қалды", - деді Асланбек.

Қазір ол 5-11 сыныптарына информатикадан сабақ береді. Жұбайы Назгүл де мектепте мұғалім екен. Олардың Мұса, Иса, Мәлика, Ғайса есімді балалары бар.

"Көп адам менен "Қазақ тілін қайдан білесің?" деп сұрайды. Жастайымнан Самат, Мұратбек (Мүкәй), Ғадылдармен асық, ләңгі ойнап, Аманжол, Дамирлармен ұзақ түндер бірге сырласып, сауық-сайранды бірге құрсам, қалай ғана қазақша білмеймін?", - деп Асланбек мақтанышын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776381-zregim-kazak-dep-sogady-kazaksaga-sudaj-sesen-zigiti-zajly-ne-bilemiz/