RU

Орал орталығында құрықтау операциясын жүргізген арнайы жасақ тұрғындарды шошытты (видео)

Оралда бірінші ақпан күні кешкісін "Сити центр" сауда үйінің маңында арнайы жасақ әскері құрықтау операциясын жүргізді деп жазады "Мой город" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Коллаж:Видеодан скриншот: Instagram

Куәгер жіберген видеодан арнайы жасақтың белгісіз көлікті қоршап тұрғанын көруге болады.

"Бір нәрсе болыпты. Автомат ұстағандар көлікті қоршап алған", -дейді кадр сыртындағы ер адам.

Оқиға орнында жұрт жиналып үлгерген.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті құрықтау фактісін растады.

Бірақ қандай мақсатта және не үшін жүргізілген операция болғанын айтудан бас тартты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776440-oral-ortalygynda-kryktau-operaciasyn-zrgizgen-arnajy-zasak-trgyndardy-sosytty-video/