RU

Жолаушыларды тегін тасыған автобус жүргізушісі көптің ықыласына бөленді

Семей қаласының 56-шы бағдарлы автобусының жүргізушісі жұма күніне орай бір күн бойы жолаушыларды тегін тасыды деп жазады Аltaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

altaynews.kz
Фото:altaynews.kz: Twitter

Мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын жұма күні жүргізуші жолаушылардан жолақысын алудан бас тартқан.

Автобустың терезесіне ол "Жол ақысы тегін. Жұма мүбәрәк болсын!» деп жазып қойған.

Мұндай игі қадамын жолаушылар да, желі қолданушылары да жоғары бағалаған.

Бүгінгі күннің "қаһарманы", "жарайсың" деген сынды пікірлер айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776446-zolausylardy-tegin-tasygan-avtobus-zrgizusisi-kpti-ykylasyna-blendi/