RU

Белгілі профессор Әмір Ахетов дүниеден өтті

ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы Ахетов қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Белгілі дәрігер
Белгілі дәрігер: Depositphotos

Суыт хабарды Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы хабарлады.

"Әмір Ахетовтің жарқын бейнесі әріптестерінің жадында мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.

Әмір Амантайұлы Іс Басқармасының жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек етті. Әр жылдарда "Алматы" және "Оқжетпес" санаторийлерінің, Орталық клиникалық ауруханасының, Медициналық орталық ауруханасының басшысы қызметтерін атқарды.

Медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры, ол ғалымдар тобының құрамында болып, ұзақ өмір сүру жолындағы әзірлемесі үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776510-belgili-professor-mir-ahetov-dnieden-tti/