RU

"Қазгидромет": Қазақстанға көктем кеш келеді

"Қазгидромет" РМК синоптиктері биыл Қазақстанға көктем кешігіп келетінін мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: politeka.net
Көрнекі фото: politeka.net: Depositphotos

Мамандардың болжамынша, ұзақ мерзімді болжамдарға сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіне көктем кешігіп келетіні күтілуде. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде көктем жыл сайынғы мерзімінде жетпек. Дегенмен, кей күндер аязды болуы ықтимал.

Бір айдағы орташа температура республиканың солтүстік бөлігінде климаттық нормаға жуық болады, ал батыс пен оңтүстікте нормадан 1 градус жоғары болмақ.

Сондай-ақ, Наурызда бүкіл Қазақстан аумағында күн жауын-шашынды болады деп күтілуде. Тек батыс өңірлерде - нормаға жуық немесе одан аздау болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776540-kazgidromet-kazakstanga-kktem-kes-keledi/