Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайын атасынан аяусыз қорлық көрген келіншек мұңын шақты

Опубликовано:

Қайын атасы үнемі соққыға жығып, аяусыз ұрып тастайтын келіншек өз мұңын айтып, көптен көмек сұрады. Ол өзі үшін күйеуі араша түспейтінін де айтып күйінген деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: moldovacrestina.md
Көрнекі фото: moldovacrestina.md: Facebook

Келіншек бұл жағдай туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі "Әйел бақыты" парақшасында айтқан.

Ол өзінің екі ұлы бар екенін, алғашқысы жуас, момын болса, екіншісі айтқанды құлаққа ілмейтінін алға тартыпты.

Алайда, келіншекті қажытып жүрген бұл мәселе емес екен. Нақтырақ айтқанда, 29 жастағы келінге туған қайын атасы ешқашан көрмеген қорлықты көрсетіп жүр. Осы уақытқа дейін, тіпті, бірнеше рет қол көтеріп, жағынан да ұрыпты.

"Ең сорақысы, бұл сұмдықты көріп отырған күйеуі мен енесі де аталарына ләм-лим демейтін көрінеді. Үшеуі де үш ұлдың анасына "сені ешкім ұстап тұрған жоқ, кетсек кете бер", - дейді екен.

Жұбайының да әкесімен басы бірікпейтінін айтқан келіншек отбасын ойрандағысы келмейтінін жеткізді.

"Жолдасым 34-те, жалғыз ұл. Ажырасып кеткім келеді. 10 жыл болды тұрмыс құрғаныма. Ұрысқа үнемі себепші болатын ата-енем. Сыйламайды емес сыйлаймын. Ерте тұрып шаруа істесем де, жақтырмайды. "Ұйқы бермедің" дейді", -деп күйінді ол.

Бөгде үйдің түтінін түтеткен ол бұл іске өз ата-анасын кірістіргісі келмейтінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776614-kajyn-atasynan-aausyz-korlyk-krgen-kelinsek-myn-sakty/

pixel