Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада өртенген үйде көз жұмған 13 жасар қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты

Опубликовано:

Бүгін Астанада тірідей өртеніп, қайтыс болған бес бірдей қыз баланың өлімі жұртты дүр сілкіндірді. Ата-аналары түнгі ауысымда жұмыс істеуге кеткенде қаза тапқан балалар 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туылған. Олардың ең үлкені - Альбинаның Аяз атаға жазған хаты әлеуметтік желіде тарап кетті хабарлайды NUR.KZ.

Фото:Артур Мағзомовтың Facebook парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Фото:Артур Мағзомовтың Facebook парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Мектеп оқушысының жазған хаты мен өз үйін бейнелеген суретін Артур Мағзомов есімді Facebook қолданушысы жариялаған.

"Өткен түнде өрттен көз жұмған 5 балапанның үлкені Альбинаның аяз атаға жазған хаты. Мектептен алдық. Тап-тар жерді пана қылған балалардың отқа оранған кереуеттері ғана қалыпты. Альбина бір суретінде өзінің үйін салыпты. Өртенген үйдің де сиқы осындай. Шатыры жоқ", - деп жазды Артур Мағзомов.
Фото:Артур Мағзомовтың Facebook парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Фото:Артур Мағзомовтың Facebook парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

13 жасар жеткіншек өзінің тәртіпті оқушы болғанын, ата-анасының сөзін екі еткізбегенін айта келе, Аяз атадан сыйлыққа планшет сұраған.

Фото:Артур Мағзомовтың Facebook парақшасынан
Фото:Артур Мағзомовтың Facebook парақшасынан: Instagram

Сондай-ақ, мектеп оқушысы өзінің Аяз атаға сенетінін де жазыпты.

Фото:Артур Мағзомовтың Facebook парақшасынан
Фото:Артур Мағзомовтың Facebook парақшасынан: Instagram

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен бес бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.

Қала әкімі сол түні болған жағдайдың мән-жайын анықтап,тексеру жүргізуді тапсырды.

Ал Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жапа шеккен жанұяға үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны ескертілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776711-astanada-rtengen-jde-kz-zmgan-13-zasar-kyzdy-haty-zrtty-zregin-auyrtty/

pixel