RU

Алматылық судья 10 мың доллар алып жатқан жерінде ұсталып қалды

Алматыда 2 ақпан күні 10 мың АҚШ долларын алып жатқан жерінде судья ұсталды деп хабарлайды Жоғарғы соттың сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ааааа
Әуезов аудандық соты. Фото: almaty.sud.kz: UGC

Андрей Штейнке Алматыдағы Әуезов аудандық №2 сотында қызмет атқарады.

Судья сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі бірлесе жүргізген іс-шаралар нәтижесінде ұсталған.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776736-almatylyk-suda-10-my-dollar-alyp-zatkan-zerinde-stalyp-kaldy/