RU

Үскірік аяз: Павлодар, Қостанай және Семейде сабақтар тоқтатылды

Қазақстанның бірнеше аймақтарында күн суытуына байланысты мектеп сабақтары тоқтатылды. Синоптиктер кей аймақтарда температура -33 градусқа төмендегенін мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Павлодар, Қостанай, Семейда сабақтар тоқтатылды
Көрнекі фото:74.ru: Facebook

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының білім басқармасы бірінші ауысым оқушыларының сабақтары тоқтатылды.

Павлодарда ауа температурасы - 33 градусқа жеткендіктен 1 мен 11 сынып оқушыларының сабақтары тоқтатылды.

Шығыс Қазақстанда Риддер және Семей қалаларында термометр көрсеткіші -27...-28 градусқа жеткендіктен 1 және 9 сынып оқушылары үйлерінде қалды.

Сонымен қатар, Шемонаиха ауданында бір мен төртінші сынып оқушылары, ал Бесқарағай ауданында 1 мен 11 сынып оқушыларының сабақтары тоқтатылды.

Бұл аудандарда -31...-33 градус аяз тіркелген.

Қостанайда ауа температурасы -20...-30 градусқа төмендегендіктен бастауыш және орта сынып оқушылары үйде қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776841-skirik-aaz-pavlodar-kostanaj-zne-semejde-sabaktar-toktatyldy/