RU

Денис Тенді өлтіргендер апелляциялық шағым түсірді

Денис Тенді өлтіргендері үшін сотталған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Денис Тенді өлтіргендер апелляциялық шағым түсірді
Фото:NUR.KZ: Facebook

Сот аппеляциялық шағым бірінші инстанция сотына түскені хабарланды.

31 қаңтар күні Қиясовтың адвокаты, ал бірінші ақпан күні Құдайбергенов шағым түсірген. Сонымен қатар бірінші ақпан күні Оксана Тен мен жәбірленуші тараптың адвокатынан шағым түсірілген.

Жанар Толыбаеваның өкілдері шағым түсірмеген.

Еске сала кетейік, Оксана Теннің сот үкіміне шағымданатынын айтқан болатын.

Денис Тенді өлтіргендері үшін Арман Құдайбергеноа пен Нұралы Қиясов 18 жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын.

Ал қылмысты жасырып қалғаны үшін айыпталған Жанар Толыбаева төрт жылға түрмеге қамалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776929-denis-tendi-ltirgender-apellacialyk-sagym-tsirdi/