RU

Оралда жанармай бекетінде көлік жанып кетті

Оралда жанармай құйылып жатқан кезде жанармай құятын тұтқа өртеніп, көлік жана бастаған деп жазады "Уральская неделяға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оралда жанармай бекетінде көлік жанып кетті
Коллаж: Видеодан скриншот: Facebook

Оқиға үшінші ақпан күні, таңғы сегіз шамасында "Нэфтек" жанармай құю бекетінде болған.

Бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алғашында жанармай құю тұтқасы өртеніп, кейін жалын көлікті де шарпыған.

Көлік иесі дереу жағдайды қолға алып, көлікті қауіпсіз жерге алып кеткен.

"Бұл кішігірім өрттен ешкім жапа шеккен жоқ", - деді "Нэфтек" жанармай құю бекетінің директоры Данияр Жақсығұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777050-oralda-zanarmaj-beketinde-klik-zanyp-ketti/