Министр Қасымбек: Көпбалалы жанұяларға пәтер сертификаттары берілуі мүмкін

Опубликовано:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек көпбалалы отбасыларға арнайы пәтер сертификаттары берілуі мұмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Көпбалалы отбасыларға пәтер сертификаттары берілуі мүмкін
Фото: mid.gov.kz: Facebook

Министрдің айтуынша, елімізде 28 000 көпбалалы отбасы бар. Өткен жылы осы санаттағы 700-ге жуық жанұя үйлі болған.

Сондай-ақ «7-20-25» бағдарлама аясында көпбалалы отбасыларға сертификат беру мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді.

Жыл сайын «7-20-25» бағдарламасы, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» бойынша жыл сайын 10 мыңнан астам пәтер беріледі екен.

«Елбасы әкімдіктерге көпбалалы жанұяларға тұрғын үй сертификаттарын беруді тапсырды. Осы орайда қазір заңға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Екі-үш айда бұл заң қабылданады деп жоспарлап отырмыз. Осы заңның арқасында әкімдіктер бұл сертификатты үйге мұқтаж отбасыларға береді», – деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777174-ministr-kasymbek-kpbalaly-zanalarga-pter-sertifikattary-berilui-mmkin/