RU

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз болады

Бейсенбі, 7 ақпан күні, елімізде ауа райы құбылмалы болады. Батыс, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел сақталады деп хабарлайды "Қазгидромет".

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз болады
Көрнекі фото: sputniknews.kz: Facebook

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады. Шығыс Қазақстан облысын тұман басып, түнде жаяу бұрқасын жүреді. Желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей бөліктерінде тұман болады. Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде қатты аяз күтіледі. Қарағанды ​​облысында түнде аяз болады. Бірқатар аймақтарда аяз қатты болады деп болжанды.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777250-aua-rajy-kazakstanny-basym-bliginde-katty-aaz-bolady/