Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана мен Қарағанды әлем бойынша ең суық қалалар тізіміне енді

Опубликовано:

Астана, вид на Байтерек
Иллюстративное фото: pixabay.com

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі экстремалды температуралық ауытқуларды бақылап отыратын метеорологиялық WX-Now порталы бүгін түнде Қарағанды мен Астана қалаларын ең суық қалалардың үнемі жаңаратын тізіміне енгізді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Ең суық шаһарлар көшін қанадалық қалалар бастаған: Key Lake (-41 °С), Stony Rapids (-40 ) және Shepherd Bay (-40).

Бір түнде Қарағанды қаласы жетінші орыннан бір-ақ шықты. Мұнда температура көрсеткіші -38 °С жетті.

Қазақстан астанасы суық қалалар тізімінде -37 градустық аязбен 11-ші орынға орнықты.

Ресейдің Сургут пен Якутск қалалары да бұл тізімге енген. Онда ауа температурасы -38 °С және -36 °С көрсеткен. Сургут, Қарағанды сияқты оңтүстік полюстегі антарктикалық Амундсен-Скотт станциясынан да суық болып шыққан. Ал Астана -37 °С онымен теңесті.

Еске сала кетейік, аяз күшеюіне байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарында мектеп және колледж сабақтары тоқтатылды.

«Қазгидромет» бұл қысты соңғы жеті жылдағы ең суық қыс деп атады. Бірақ көп ұзамай күн жылынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777324-astana-men-karagandy-lem-bojynsa-e-suyk-kalalar-tizimine-endi/

pixel